Megaline, iDNet және iDTV баптаулары бойынша ақпарат        
ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР   МОДЕМДЕРДІҢ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ   ЖИІЛЕТКЕН ҚАТЕЛЕР   FREEWARE
 
 
 
     

 

 

Қосылу бойынша жалпы нұсқаулық

1. Megaline Ғаламтор арнасына қосылу бойынша жалпы нұсқаулық
2. ID TV болған жағдайда Megaline-ға қосылу бойынша қосымша баптаулар
3. Wi-Fi модем болған жағдайдағы компьютердің баптаулары

 

1. Megaline Ғаламтор арнасына қосылу бойынша жалпы нұсқаулық

Кіріспе

Берілген нұсқаулық ADSL технологиясы бойынша Megaline тұтынушылары Ғаламтор желісіне қосылу тізбегін суреттейді.

Megaline Ғаламтор арнасына қосылу үшін Сізге келесі әрекеттерді орындау қажет:

1. Құрылғыларды: телефон аппараттарын, сплиттер, компьютер және ADSL-модемді телефон желісіне қосу керек. Қажет болған жағдайда телефон аппараттарына қосымша микросүзгілерді орнату қажет.

2. ADSL-модемнің баптауларын орнату қажет (компьютерге қажетті драйверлерді орнату керек).

3. Ғаламторға қосылу үшін байланыс белгісінің баптауларын орнату қажет.

4. Бірінші қосылу кезінде пайдаланушы атын megaline және парольді megaline деп қосылу керек. Жеке кабинетте он екі таңбалы бірегей код арқылы өзіңіздің есептік жазуыңызды активтендіру қажет.

5. Одан кейін жеке кабинетте өзіңіздің жеке кабинетіңізге арналған пайдаланушы атын және парольді, сондай-ақ кейінгі Ғаламторға қосылуға арналған пайдаланушы атын және парольді жазу қажет.

1. Құрылғыларды қосу

ADSL-технологиясы бойынша Ғаламтор желісіне қосылу үшін келесі жабдықтар қажет:
- компьютер;
- ADSL-модем;
- сплиттер;
- модемді телефон торабына және компьютерге қосу үшін арналған сымдар жиынтығы;
- қажет болған жағдайда қосымша микросүзгілер.

ADSL-модем (әрі қарай «модем») – оператор құрылғысымен тұтынушы компьютерінің арасында ақпаратпен алмасуға арналған арнайы жабдық.

Сплиттер – телефон желісіндегі сигналды екі түрлі құраушыларға: кәдімгі телефондық сигнал және жоғары жиілікті модемдік сигналға бөлуге арналған жабдық. Сплиттер ADSL-технологиясын қолдану кезінде телефон желісі бойынша берілетін жоғары жиілікті модемдік сигналдардан телефон аппараттарын қорғайды. Қосылу сұлбасына байланысты қосымша микросүзгілер қажет болуы мүмкін, микросүзгіні оператордан сатып алуға болады.

Микросүзгі – ADSL-технологиясын қолдану кезінде телефон желісі бойынша берілетін жоғары жиілікті модемдік сигналдардан телефон аппараттарын қорғау үшін, телефон аппараттарына дейін орнатылатын жабдық. Орнатылатын микросүзгілер саны, Сіздің үйіңізде сплиттерсіз тікелей қосылған және жалпы орнатылған телефон аппараттарының санына сәйкес болуы керек.

Телефон желісі – Қалалық АТС құрылғысы мен үйде орнатылған телефон розеткаларын байланыстырушы сым бөлігі. ADSL-технологиясы бойынша қосылуға өтініш берілген кезде телефон және ADSL-дің бір уақытта жұмыс істеуі қамтамасыз етілу үшін, АТС-та телефон желісін ауыстырып қосу (кросс жолын даярлау) жұмыстары жүргізіледі.

Сымдар – модем мен компьютерді байланыстыру үшін арналған USB немесе Ethernet сымдары, және модемді телефон желісіне қосуға арналған телефондық сым.

Құрылғының жалпы қосылу сұлбасы мына суретте келтірілген:


Жабдықтың қосылуы келесі кезекте іске асырылады:
- телефон розеткасына сплиттерді қосыңыз;
- модемді және телефон аппаратын сплиттерге қосыңыз;
- микросүзгілерді орнатыңыз (қажет болған жағдайда);
- модемді компьютерге қосыңыз.

Модем жабдықтаушы комплектте берілген телефон сымдары арқылы, сплиттерге ”MODEM” тіркеуіші арқылы қосылады, ал сплиттер ”LINE” тіркеуіші арқылы бос телефон розеткасына қосылады. Телефон аппараты сплиттерге ”PHONE” тіркеуіші арқылы қосылады. Егер Сіздің үйіңізде ескі үлгідегі (бестіркеуішті) розеткалар орнатылған болса, онда еуротіркеуішті (RJ11) түріне ауыстырғыш алу керек.

Назар аударыңыз! Егер Сіздің үйіңізде сплиттерсіз тікелей қосылған телефон аппараттары бар болса, онда телефон және телефон розеткасының аралығында үзіліспен микросүзгі орнатып, телефон аппараттарын микросүзгі арқылы жалғау қажет.

Байланысты дұрыс орнатқан кезле, телефон аппараты микросүзгі/сплиттер орнатқанға дейінгідей жұмыс істеуі керек, микросүзгі де, сплиттер де телефонның жұмысына кедергі жасамайды. Егер микросүзгі/сплиттер орнатқаннан кейін телефон жұмыс жасамаса, «Пайда болатын мәселелер» бөлімін қараңыз.

Модем компьютерге Ethernet немесе USB-сымдары арқылы қосылады.


Модемді күйге келтіру

Модемді күйге келтіру үшін, модемнің жабдықтаушы комплектісіне кіретін арнайы қамтамасыз етуші бағдарламасын орнату қажет. Ол үшін модеммен бірге берілетін нұсқаулыққа қарап, орнату керек. Егер модемге нұсқаулық берілмесе, онда оны модемді өндірушілер сайтынан, немесе осы сайттың Модемдерге арналған нұсқаулықтар бөлімінен іздеңіз.

Megaline-ға арналған жалпы баптауларының параметрлері:
- VPI: 0
- VCI: 40
- Encapsulation: PPPoE LLC

Назар аударыңыз! VPI және VCI мәндері Қазақстан бойынша бірдей VPI:0/VCI:40. Тек қана Павлодар қаласында, кейбір жағдайларда VPI және VCI мәндері - VPI:0/VCI:35.

Megaline Ғаламтор арнасы PPPoE хаттамасын қолданады:
- Mac OS X Leopard жүйесінде PPPoE баптаулары
- Windows Vista жүйесінде PPPoE баптаулары
- Windows 7 жүйесінде PPPoE баптаулары
- Windows 8 жүйесінде PPPoE баптаулары

Модем баптауларының терезесінің үлгісі:


Ғаламтормен байланыс орнату

Megaline Ғаламтор арнасымен бірінші рет байланысқан кезде, пайдаланушы атын “megaline” және парольді “megaline” деп жазыңыз. Тіркелу беті http://cabinet.megaline.kz сайтына өтіңіз. Әрі қарай сайттағы нұсқаулық бойынша тіркелуді орындаңыз.



Бірінші қосылу кезінде Megaline тұтынушылар бетіне түсесіз:



Әрі қарай "Тіркеу" тармағын таңдаңыз (тұтынушылардың тіркеу бетіне ауысыңыз):

Өрістерді тиісті мәліметтермен толтырыңыз. «Өте сирек код» өрісінде делдалда өтінішті рәсімдеу кезінде Сізге берілген 12 таңбалы кодты еңгізіңіз. «Пайдаланушының аты» және «Пароль» өрістерінде өз мәліметтеріңізді еңгізіңіз және «Қолдану» батырмасын басыңыз.

Келесі байланыс орнату кезінде өзіңіздің Ғаламторға арналған Пайдаланушы атын және Парольді қолдаңыңыз

 

2. ID TV болған жағдайдағы Megaline-ға арналған қосымша баптаулар

ID TV жабдығына арналған жалпы баптауларының параметрлері
- VPI: 0
- VCI: 42
- Encapsulatipon: Bridge IP LLC
- DHCP: ажыратылған

Модемді күйге келтіру мысалы:

 

3. Ethernet немесе Wi-Fi модем болған жағдайдағы компьютердің баптаулары

Егер Сіздің компьютеріңіз модеммен Ethernet немесе Wi-Fi арқылы жалғанған болса, онда компьютердің желілік интерфейсін күйге келтіру қажет. Windows XP-де компьютердің желілік интерфейсін күйге келтіру үлгісі:

Пуск > Настройка > Панель управления > Сетевые подключения > Подключение по локальной сети > Свойства > Протокол Интернета TCP/IP.

Келесі IP мекенжайларын қолданыңыз:
- IP адрес: 192.168.1.2
- Маска подсети: 255.255.255.0
- Основной шлюз: 192.168.1.1
- Предпочитаемый DNS сервер: 212.154.163.162
- Альтернативный DNS сервер: 95.56.237.24

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл баптаулар жабдықтарға(ДК, ноутбук, телефон, және т.б.) келесі жағдайларда қолданылады:
- Жабдықпен "ADSL модемнің" арасында байланыс болмағанда
- Ғаламтор беттері бұрыс ашылса
- "DHCP" өшіп тұрған кезде (TCP/IP желiсінде жұмыс iстеу үшiн қажеттi IP-адрес және тағыда басқа параметрлерді компьютерлерге автоматты түрде алуға мүмкiндiк беретiн торлық хаттама)
- "iD TV" және "iD Phone" қызметтері қосылып тұрса (тек қана қызметтерді "LAN порттарға" байлауды жартылай қолдауы бар "ADSL модемдерге" қатысты)
Қалған жағдайларда, жабдықтарды (ДК торлық картасы, ADSL модем және т.б.) баптау кезінде, IP-адрес және тағыда басқа параметрлерді автоматты түрде қалдыруға кеңес беремiз.

- Windows 7 жүйесінде IP/DNS баптаулары
- Windows 8 жүйесінде IP/DNS баптаулары
- MAC OS жүйесінде IP/DNS баптаулары

 

Сонымен бірге үй желісінің құрастырылуы туралы бап ұсынылады.

 

 
     
 
 
  Megaline Анықтама қызметі демалыссыз тәулік бойы жұмыс істейді:
- 58-49-49 (Алматыда 258-49-49)
- 8-800-080-6456 (8-800-080-MGLN), қоңырау шалу тегін.
  Megaline Ақылы телефон кеңесі, күнделікті сағат 9-00-ден 24-00-ге дейін жұмыс істейді: 8-809-080-6456 (8-809-080-MGLN), қоңырау шалу ақылы, 75 тг/минутына.
  Анықтама қызметінің немесе ақылы телефон кеңесінің жұмысына шағымдану.   Яндекс.Метрика