Megaline, iDNet және iDTV баптаулары бойынша ақпарат        
ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР   МОДЕМДЕРДІҢ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ   ЖИІЛЕТКЕН ҚАТЕЛЕР   FREEWARE
 
 
 
     

 

 

Жиі пайда болатын қателер

1. Модемдердегі индикация және пайда болатын мәселелер
2. Пайда болатын мәселелер
3. Қателер кодтары

 

1. Модемдердегі индикация

Сіздің модеміңіздің типіне байланысты, модемдегі барлық индикаторларды (шамдарды) 3 типке бөлуге болады:
1. Сызықтық индикаторлар (LINK, DSL, PPP): бұл шам телефон желісінің күйін білдіреді. Бұл индикатордың үнемі жанып тұруы, Сіздің модеміңіз станция жағындағы модемді «көріп» тұр дегенді білдіреді, және телефон желісінде ешқандай ақаулар жоқ, немесе желідегі кедергі деңгейі өте төмен және ақпараттың алмасуына кедергі жасамайды.
2. Желілік картамен байланысу индикаторы (LAN, Ethernet): бұл шам модемнің компьютермен USB немесе LAN арқылы жалғанған байланысының күйін білдіреді.
3. Ақпаратпен алмасу индикаторы (DATA, Internet): ғаламдық желі мен модемнің арасындағы ақпарат дестелерінің алмасу күйін білдіруші шам.

 

2. Туындайтын мәселер

Ғаламтормен байланыс орнатылмайды.
1. Модемнің телефон желісіне және компьютерге дұрыс жалғануын тексеріңіз. Модемде «ADSL» индикаторы жанып тұруы керек. Егер байланыс орнатылмаса немесе «ADSL» индикаторы үнемі жанбай немесе сөніп тұрса, USB немесе Ethernet-сымын ажыратып қайта қосып көріңіз.
2. Модемнің дұрыс бапталуын тексеріңіз.
3. Модемнің драйвері қате орнатылуы мүмкін, қайтадан орнатып көріңіз.

Мен модемді роутер тәсілімен баптадым, бірақ байланыс орнатылмайды.
1. Сызықтық индикатор секунд сайын жанып өшеді: мүмкін Сіз модемді телефон желісіне дұрыс қоспадыңыз. Модемді ажыратып, желіні тексеріп қайта қосып көріңіз.
2. Сызықтық индикатор жиі жанып өшеді: мүмкін модеміңіз дұрыс жалғанбаған (сплиттерсіз немесе сплиттер бүлінген), немесе параллельді телефон жалғанған – Модемді өшіріңіз – Модемнің желімен (сплиттермен) жалғануын тексеріңіз . Сплиттердің функционалды жұмыс істеуін тексеру үшін модемнің сымын телефонға жалғауға болады (яғни, модемді сплиттерсіз телефон желісімен тікелей жалғау қажет).
3. Желілік картамен байланыс индикаторы жанбай тұр: Сіздің компьютеріңіздің желілік картасымен байланыс орнатылмаған. Модемнің компьютермен байланысын тексеріңіз. Компьютердің желілік картасының қосылуын тексеріңіз.

Мен модемді бридж тәсілімен баптадым, бірақ байланыс орнатылмайды.
1. Сызықтық индикатор жиі жанып өшеді: Сіз модемге телефон желісін дұрыс жалғамадыңыз немесе сплиттерсіз телефон желісімен тікелей жалғадыңыз. Сызықтық индикатордың үнемі жануын күтіңіз, содан кейін Ғаламторға қайта қосылып көріңіз.
2. Сызықтық индикатор секунд сайын жанып өшеді: модем мен сплиттердің арасында байланыс орнатылмаған. Мүмкін мүлдем қосылмаған немесе абоненттік желі бүлінген.

Қоңырау шалу кезінде немесе телефонға қоңырау түскен кезде желімен байланыс ажыратылады. Егер телефонға қоңырау түспесе, барлығы жұмыс қалпында.
Мұндай қателік қосылу кезінде телефон аппараттарының барлығы сплиттерсіз немесе микросүзгісіз жалғанған болса жиі пайда болады. Өзіңіздің жалғау сұлбаңызды осы сайтта берілген сұлбамен салыстырып көріңіз.

Модем телефон аппаратының тұтқасын көтерген жағдайда ғана ғаламтормен қосылады.
Мұндай ахуал, егер телефон желісінде қалалық қораптан модем орнатылған жерінде блокиратор қойылған болса туындауы мүмкін. Ең алдымен, бұл біріккен телефон нөмірлерінде пайда бола алады. Бұл мәселені шешу үшін блокираторды шешу қажет немесе модемді оған дейін орнату керек.

Сплиттердің/микросүзгінің қосылуынан кейін телефон жұмыс істемейді.
Бұл мәселенің пайда болуы, кейбір телефон аппараттары, жеке алғанда неміс өндірісіндегі телефондар, телефон желісінің екі ортаңғы өзегін емес (сплиттер/микросүзгі дәл соған есептелген), шеткі екеуін қолдануына байланысты. Бұл жағдайда сплиттер/микросүзгі, модем және байланыстырушы сым арқылы қосылған телефон аппаратының телефон розеткаларының таратылуын қайта дұрыстау қажет болады.

 

3. Қателер кодтары

651 Модем қателік туралы хабарлады (Модем сообщил об ошибке).
Себебі: Әсіресе бұл қате Windows Seven ОЖ-де жиі шығады. Мұндай қате бағдарламалық немесе аппараттық істен шығу кезінде пайда болады.
Түзету: Компьютерді қайта жүктеу немесе Ғаламторға қосу белгісін қайта орнату қажет.

678 Қашықтағы компьютер жауап бермейді (Удаленный компьютер не отвечает).
Себебі: Бұл қате Ғаламторға қосылу дұрыс күйге келтірілмеген кезде, баптаулар өшіп қалған жағдайда (вирустардан болуы мүмкін) пайда болуы мүмкін, немесе сервер жауап бермейді (мәселе серверде).
Түзету: Компьютердің баптауларын тексеру қажет, жабдықтардың телефон желісіне дұрыс қосылуын тексеру қажет, модемнің дұрыс орнатылуын тексеру қажет.

680 Желіде гудок жоқ (Отсутствует гудок в линии).
Себебі: Телефон желісі модеммен дұрыс жалғанбаған немесе байланыс мүлдем орнатылмаған.
Түзету: Телефон желісін тексеріңіз, сондай-ақ сплиттерсіз тікелей қосылып көріңіз.

691 Бұл доменде мұндай пайдаланушы аты және парольдің қосылу мүмкіндігі жоқ болғандықтан байланыс орнатуға рұқсат етілмеген (Доступ запрещен, поскольку такие имя пользователя или пароль не допустимы в этом домене.)
Себебі: Бұл қате абонент пайдаланушы атын және/немесе парольді қате терген кезде пайда болады.
Түзету: Пайдаланушы атын және парольді қатесіз теру қажет. Сондай-ақ, пайдаланушы атын және парольді megaline/megaline деп теру арқылы Ғаламторға қосылып, жеке кабинетте Ғаламторға қосылу паролін өзгертуге болады.

692 Жабдықта қате пайда болды (Произошла ошибка оборудования).
Себебі: Байланыс торабының физикалық ақауы немесе желілік сым ажыратылған. Сондай-ақ, бағдарламалық драйвер қателік түрінде өшірілген болса, осындай қате пайда болуы мүмкін.
Түзету: Желілік сымды тексеріп, немесе модемнің драйверін қайта орнату қажет.

718 Қашықтағы компьютерден жауап күту уақыты аяқталды (Время ожидания ответа удаленного компьютера истекло).
Себебі: PPP-диалогы басталды, бірақ белгілі бір уақыт ағымында қашықтағы компьютерден жауап болмағандықтан, жауап күту уақыты аяқталды. Бұл қателік желі сапасының төмендігінен, немесе сервердегі мәселелермен байланысты болуы мүмкін.
Түзету: Модемді қайта жүктеп, байланысты қайта орнатып көру қажет.

721 Қашықтағы компьютер жауап бермейді (Удаленный компьютер не отвечает).
Себебі: PPP-диалогын бастау талпынысы болды, бірақ қашықтағы компьютер жауап бермейді. Мұндай қате, егер сервер PPP-ді (Windows NT және қашықтықтағы рұқсат серверінің одан да ескі үлгісі) қолдамаса пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, мұндай қате модемнің баптаулары өшіп қалса немесе модемнің драйвері қателік түрінде өшірілген болса пайда болуы мүмкін
Түзету: Модемнің драйверін қайта орнату қажет.

735 Сұралған мекенжайды сервер қабылдамады (Запрашиваемый адрес был отвергнут сервером).
Себебі: Сервер тұтынушының арнайы IP-мекенжай сұранысына рұқсаты кескінделмеген, немесе бұл арнайы IP-мекенжайды басқа тұтынушы қолданады.
Түзету: Пуск -> Панель управления -> Сетевые подключения -> Подключение по локальной сети, тышқанның оң жақ батырмасын басып -> свойства дегенді таңдаңыз-> "Протокол Интернета TCP/IP" -> әрі қарай "свойства" -> "Получить IP- адрес автоматически" және "Получить адрес DNS-сервера автоматически" деген бөлімдерін белгілеп-> соңында "ОК" батырмасын басыңыз.

769 Белгіленген тағайындауларға қол жеткізу мүмкін емес (Указанное назначение недостижимо).
Себебі: Біріншіден, желілік карта ажыратылған, немесе желілік картаның драйвері орнатылмаған, немесе желілік карта мүлдем орнатылмаған.
Түзету: Құрылғылар диспетчеріне кіріп желілік картаны қосу қажет, тіпті болмаса желілік картаның драйверін қайта орнату қажет.

 
     
 
 
  Megaline Анықтама қызметі демалыссыз тәулік бойы жұмыс істейді:
- 58-49-49 (Алматыда 258-49-49)
- 8-800-080-6456 (8-800-080-MGLN), қоңырау шалу тегін.
  Megaline Ақылы телефон кеңесі, күнделікті сағат 9-00-ден 24-00-ге дейін жұмыс істейді: 8-809-080-6456 (8-809-080-MGLN), қоңырау шалу ақылы, 75 тг/минутына.
  Анықтама қызметінің немесе ақылы телефон кеңесінің жұмысына шағымдану.   Яндекс.Метрика